07.06.2021, 22:56 18972

Монополияға қарсы қызметкерлер 14,6 млрд теңге сомаға жол құрылысы бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуда сөз байласуды анықтады

НҰР-СҰЛТАН. 7 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті "АБК-Автодор НС" ЖШС мен "Казахдорстрой" ЖШС арасындағы автомобиль жолдарын салу және жөндеу қызметтерін сатып алу бойынша конкурстардағы бағаларды қолдау бөлігіндегі картельдік сөз байласу фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР БҚДА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР БҚДА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тендерлердің жалпы сомасы - 14,6 млрд теңгені құрады.
 
 "АБК-Автодор НС" ЖШС және "Казахдорстрой" ЖШС мемлекеттік сатып алуға қатысты, оның бірі сатып алуды ең жоғары ықтимал баға бойынша өтті деп тану үшін екіншісіне жалған бәсекелестік тудырғаны анықталды.
 

Схема былайша жұмыс істеді: "АБК-Автодор НС" ЖШС және "Казахдорстрой" ЖШС бәсекелестік күрес көріністерінсіз, бастапқы бағаға тең не ең аз төмендетумен бағаны ұсына отырып, бір-біріне жалғыз бәсекелес болды", - деп түсіндірді департаментте.

 
Субъектілердің әрекеттері монополияға қарсы заңнаманың ережелерін бұзып қана қоймай, бюджет қаражатын үнемдеуді де жояды.
 

Бұл құқық бұзушылықтарды монополияға қарсы орган мемлекеттік сатып алу порталы мониторингінің қорытындылары бойынша анықтады. Қазіргі кезде тергеп-тексерулер объектілері тергеп-тексеру нәтижесіне сотқа шағым жасап жатыр", - деп қорытындылады БҚДА.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны