16.03.2011, 14:45 3681

Мұнай бағасы күрт құлдырады

Мұнай бағасы күрт құлдырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 16 - наурыз. Kazakhstan Today - Мұнай бағасы күрт құлдырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

РБК агенттігінің хабарлауынша, 15 наурыздағы сауданың қорытындысы бойынша Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 5,15 долларға төмендеп, 108,52 доллар/баррельге тұрақтады.

Ал Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының ресми бағасы 4,01 долларға арзандап, 97,18 доллар/баррелді құрады.

Сарапшылардың пайымдауынша, инвесторлар Жапония аумағында радиактивті уланудың таралу қаупіне байланысты, тәуекелді активтерден құтылуға, оларды ақшаға айналдыруға тырысуда. Осы себепті 15 наурызда мұнай ғана емес, бағалы және өнеркәсіптік металдардың бағасы да төмендеп кетті.

"Тәуекелге байланысты инвесторлар активтерін, оның ішінде мұнай мен алтындарын сата бастады. Атом станциясындағы жағдай күтпеген проблема болғандықтан, бұл жағдай нарық үшін үлкен қосымша фактор болып отыр, себебі бізде мұндай мәселелер бойынша ешқандай тәжірибе жоқ",- дейді Astmax Co Ltd компаниясының сарапшысы Тецу мори.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны