05.01.2016, 10:47 5349

"Нефтехим LTD" кәсіпорнында екі адам қайтыс болған өрттіӊ себептеріне тергеу жүргізілуде

Павлодар қаласыныӊ Солтүстік өндірістік аумағында орналасқан "Компания Нефтехим ЛТД" ЖШС-ныӊ полипропилен қоймасынан шыққан өрттен екі адам қайтыс болды

Павлодар. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - Павлодар қаласыныӊ Солтүстік өндірістік аумағында орналасқан "Компания Нефтехим ЛТД" ЖШС-ныӊ полипропилен қоймасынан шыққан өрттен екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Облыстық ТЖД ұсынған ақпаратқа сүйенсек, оқыс оқиға кеше сағат 18.44-те орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға тоғыз бірлік техника мен жеке құрамнан 30 адам жіберілген. Қызыл жалын 300 шаршы метр аумақты жалмап кеткен. Бұдан басқа, қалыӊ түтін орын алып, көршілес орналасқан пенопропилен бұйымдарын шығаратын цехты шарпуы мүмкін еді. Сағат 20.35-те өрт сөндіріліп, 23.08-де толығымен жойылды. Кәсіпорынныӊ күйік шалған үш қызметкері ауруханаға жатқызылған. Өрт сөндіру кезінде сағат 19.57-де бір адамныӊ мүрдесі табылды. Сондай-ақ сағат 01.31-де тағы бір адамныӊ мәйіті анықталған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

- Қазіргі таӊда кәсіпорында қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында арнайы тергеу комиссиясы жұмыс істеуде, - деді агенттікке "Компания Нефтехим LTD" ЖШС-ныӊ директоры Ерлан Құсанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны