Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апаттан кейін тағы бір отандасымыз іздестірілуде
Сурет: REUTERS/Navesh Chitrakar
Қазақстаннан барған үшінші турист әйел Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында болуы мүмкін деген ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстандық дипломаттар екі елдің билік органдарымен өзара байланыс орнатып, тиісті шаралар қабылдануда. Қазақстандық әйелдерді іздеу жұмыстары жалғасуда.
Reuters агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 626 адамға жеткен.
Естеріңізге сала кетсек, 26 тамызда Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданының шекаралас өңірлерінде жойқын су тасқыны болған. Із-түзсіз жоғалғандар арасында 20-дан астам елдің, соның ішінде Қазақстанның азаматтары бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

