07.05.2012, 13:14 3237

Непалдың батысында су тасқыны орын алды

Су тасқыны Гималаи таулы шипажайларының маңындағы Харапани елді мекенін шайып кеткен. Непал премьер-министрі Бабу Рам Бхаттараи елдің бүкіл төтенше қызметтерін апат аймағына жіберді. Құтқару жұмыстарына әскер мен полиция да жұмылдырылған.

Астана. 7-мамыр. Kazakhstan Today - Непалдың батысында Сети өзені арнасынан асып, су тасыды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Апаттан 20 адам қаза тауып, елу шақтысы із-түссіз жоғалып кеткен.

Су тасқыны Гималаи таулы шипажайларының маңындағы Харапани елді мекенін шайып кеткен. Непал премьер-министрі Бабу Рам Бхаттараи елдің бүкіл төтенше қызметтерін апат аймағына жіберді. Құтқару жұмыстарына әскер мен полиция да жұмылдырылған. Мамандардың айтуынша, апат құрбандарының саны артуы мүмкін. Жыл сайын Непалда су тасқындары мен лай көшкіндерінің кесірінен жүздеген адам опат болып жатады. Бұл елде маусымдап жауатын жаңбырлар жаздың басында басталып, қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл жолы мерзімінен ерте су таситынын ешкім күтпепті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны