20.03.2013, 11:46 3315

Нигерияда 166 жолаушы мінген кеме суға кетті

Кеме жұма күні Нигерияның Орон қаласынан шығып, Гобонға бағыт алыпты. Құтқару қызметі өкілдері басшысының сөзіне қарағанда, әзірге нақты қанша адамның қаза тапқаны белгісіз. Балықшылар бір ұл мен қыз баланы ғана құтқарып қалған.

Астана. 20-наурыз. Kazakhstan Today - Нигерияның 166 жолаушы мінген кемесі Гвиней шығанағында аударылып қалып, суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, екі адам ғана аман қалған.

Кеме жұма күні Нигерияның Орон қаласынан шығып, Гобонға бағыт алыпты. Құтқару қызметі өкілдері басшысының сөзіне қарағанда, әзірге нақты қанша адамның қаза тапқаны белгісіз. Балықшылар бір ұл мен қыз баланы ғана құтқарып қалған.

Африканың қауіпсіздік стандарттары сын көтермейтіндіктен мұндай оқиғалар жиі болып тұрады. 2010 жылы Конго Демократиялық республикасында 138 жолаушы суға кеткен.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, су көлігі апаты салдарынан жылына 2 мыңдай адам ажал құшады екен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны