17.02.2012, 10:43 3040

Нигерияда екі автобус соғылып, 32 адам мерт болды

Апат Баучи штатындағы тас жолда болған. Оған жүргізушілердің жылдамдықты шектен тыс асыру себеп болыпты. Оның үстіне елдегі жолдардың сапасы да сын көтермейді.

Астана. 17-ақпан. Kazakhstan Today - Нигерияда екі автобус соғылып, 32 адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Нигерияда екі автобустың қақтығысуы салдарынан 32 адам мерт болған.

Апат Баучи штатындағы тас жолда болған. Оған жүргізушілердің жылдамдықты шектен тыс асыру себеп болыпты. Оның үстіне елдегі жолдардың сапасы да сын көтермейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Нигерия жол апаттарының саны жағынан көш бастап келе жатқан мемлекеттердің бірі. Олардың қатарында Қытай мен Үндістан да бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны