29.07.2022, 15:47 14286

Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяқ алматылықтарды 2 миллион теңгеге алдап кетті

Алаяқ қамауға алынды.
АЛМАТЫ. 29 ШІЛДЕ - Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызамын деп алматылықтарды 2 млн теңгеге алдап кеткен ер адам ұсталды.
 
Екі және одан да көп адамға қатысты алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлау – 27 жастағы Ц. есімді азаматтың іс-әрекеті дәл осылай квалификацияланған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алаяқтық бойынша 2 дерек тіркелді. Олар бір өндіріске біріктірілген.
 

Күдікті интернет-ресурс арқылы адамдарды алдаған. Ол Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналасуға және жұмыс визасын алуға көмектесу туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Ақшаны алғаннан кейін ер адам жасырынып қалған", – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

 
ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес, қылмыс жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ц. есімді азамат ұсталды. Ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды.
 
Тергеу қажеттігін ескере отырып, полиция Ц. есімді азаматтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға жүгінеді және оларды мына телефондар арқылы хабарласуларын сұрайды: +7-778-879-78-88; + 7-702-401-11-10.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны