16.04.2012, 12:16 3762

ОҚО 8 жасар қыз көлік апатынан көз жұмды

"Екпінді-Бірлік-Аққөл" тас жолында "Мерседес-Бенц-200" маркалы көліктің басқаруында болған Созақ ауданының тұрғыны, рульге ие бола алмай, жыраға аударылып кетті", - деп айтылған облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Шымкент. 16-сәуір. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында болған жол-көлік апатының салдарынан 8 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Екпінді-Бірлік-Аққөл" тас жолында "Мерседес-Бенц-200" маркалы көліктің басқаруында болған Созақ ауданының тұрғыны, рульге ие бола алмай, жыраға аударылып кетті", - деп айтылған облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жол-көлік апатының салдарынан көлікте болған жүргізушінің 8 жасар қызы алған аса ауыр жарақаттардан оқиға орнында жан тәсілім етті. Жүргізушінің 10 жасар ұлы "мидың шайқалу" диагнозымен және түрлі дене жарақаттарымен орталық аудандық ауруханаға жетікізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы (Көлік құралын жүргізуші тұлғалардың Жолда жүру және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны