20.12.2010, 15:45 4226

ОҚО болған көлік апаты салдарынан сегіз адам мерт болды

ОҚО болған көлік апаты салдарынан сегіз адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Шымкент. 20 - желтоқсан. Kazakhstan Today - ОҚО болған көлік апаты салдарынан сегіз адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 18-желтоқсан күні сағат 03.20 Қазығұрт ауданының аумағында Алматы - Термез тасжолының 766-шы шақырымында болған. "Опель-Вектра" көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, КамАЗ көлігіне соғылған.

"Көлік апатының салдарынан 1984 жылы дүниеге келген көлік жүргізушісі мен 1986-1989 жылдары аралығында туған үш жолаушы оқиға орнында мерт болған. Жеңіл көліктің 1985-1989 жылдары аралығында туған тағы төрт жолаушысы Қазығұрт ауданының орталық ауруханасында естерін жимастан көз жұмды. КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны