19.08.2011, 15:45 3485

ОҚО болған көлік апатының салдарынан үш адам мерт болды

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік-Қазақстан облысында жеңіл автокөлік пен трактордың соқтығысуынан үш адам қаза тауып, екі адам жараланған. Бұл туралы жұма күні ІІД ОҚО баспасөз қызметі хабарлаған.

Шымкент. 19-тамыз. Kazakhstan Today - ОҚО болған көлік апатының салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік-Қазақстан облысында жеңіл автокөлік пен трактордың соқтығысуынан үш адам қаза тауып, екі адам жараланған. Бұл туралы жұма күні ІІД ОҚО баспасөз қызметі хабарлаған.

Мекеменің мәліметінше, ЖКО 17 тамыз күні Сайрам ауданы Шымкент-Ленгер тас жолында болып, "Мазда-626" жеңіл автокөлігі қарсы бағыттағы сызыққа өтіп кетіп, қарама-қарсы кележатқан "Мазда-323" автокөлігіне соңынан барып тракторға соқтығысқан.

""Мазда-626" жеңіл автокөлігінің үш жолаушысы 1979, 1990 және 2003 жылы туылған Төлеби ауданының тұрғындары алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан, "Мазда-626" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілген", - делінген хабарламада. Қалған жүргізушілер мекеменің мәліметіне сәйкес жараланбаған.

Осы факті ҚР ҚК 296 бабы "Көлік құралын қолданушылардың жол жүру ережесін бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны