15.11.2011, 09:56 3648

ОҚО екі жасар бала құтырық дертінен көз жұмды

2011 жылдың 10-қарашасы күні Оңтүстік Қазақстан облысы Қарабастау ауылында құтырық дертіне шалдыққан 2 жасар бала көз жұмған.

Астана. 15-қараша. Kazakhstan Today - ОҚО екі жасар бала құтырық дертінен көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың 10-қарашасы күні Оңтүстік Қазақстан облысы Қарабастау ауылында құтырық дертіне шалдыққан 2 жасар бала көз жұмған.

"10-қараша күні сағат 18.40 Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында М. Есен құтыру дертінен қайтыс болды, оған қойылған диагноз: қалалық тип, іріңді менингит, бас миының ісінуі және домбығуы", - делінген таратылған хабарламада.

9-қараша күні мойны мен бетінен ит тістеп алған бала Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына түскен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны