15.06.2010, 12:38 3023

ОҚО еріткіш зат құйылған ыдыстың жарылуы салдарынан бір адам мерт болып, үш адам ауруханаға жеткізілді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "кеше Мұстафа Шоқай көшесінде орналасқан "Тұрашбек" ЖК қоймасында 10.25 еріткіш зат құйылған 500 литрлік ыдыс жарылып, арты өртке ұласқан. Өрт 8 шаршы метр жерді шарпыған".

Астана. 15-маусым. Kazakhstan Today - ОҚО Сайрам ауданының Ақсукент аулында еріткіш зат құйылған ыдыстың жарылуы салдарынан бір адам мерт болып, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "кеше Мұстафа Шоқай көшесінде орналасқан "Тұрашбек" ЖК қоймасында 10.25 еріткіш зат құйылған 500 литрлік ыдыс жарылып, арты өртке ұласқан. Өрт 8 шаршы метр жерді шарпыған".

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 42 жастағы әйел өрт салдарынан ауруханада көз жұмған. Сонымен қатар, денелерін күйік шалған 22 жасар жігіт пен 29 және 40 жастағы әйелдер ауруханаға жеткізілген.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ОҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі өртті 11.16 сөндірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны