24.03.2011, 11:47 3169

ОҚО газ құбырында болған апат салдарынан 6 мыңнан астам абонент көгілдір отынсыз қалды

ОҚО газ құбырында болған апат салдарынан 6 мыңнан астам абонент көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 24 - наурыз. Kazakhstan Today - ОҚО газ құбырында болған апат салдарынан 6 мыңнан астам абонент көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысында төрт елді мекеннің тұрғындары 8 сағатқа газсыз қалған.

Төтенше оқиға 23 наурыз күні сағат 10.00 кезінде болған. 350 миллиметрлік жоғары қысымды магистральды газ құбырында газ құбыры жарылған. "Нәтижесінде Тоғыс, Маятас, Елтай ауылдарының және Ленгір қаласының тұрғындары - 6 394 абонент газсыз қалды", - делінген ақпаратта.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, кеше кешке сағат 18.20 кезінде апаттық-жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны