15.03.2012, 16:37 3743

ОҚО ІІД-нің әскери-медициналық тексеру комиссиясының төрайымы Б.Сәткенова 17 рет пара алған

Бұл мәліметтермен бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай таныстырды.

Астана. 15-наурыз. Kazakhstan Today - ОҚО ІІД-нің әскери-медициналық тексеру комиссиясының төрайымы Б.Сәткенова 17 рет пара алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл мәліметтермен бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай таныстырды.

Оның деректеріне қарағанда, Б.Сәткенова медициналық комиссиядан кедергісіз өту үшін делдалдар арқылы 10 мың теңгеден 400 АҚШ долларына дейін пара алып отырған. Ал Алматы облысының Алакөл аудандық Ішкі істер бөлімі Жол полициясы бөлімінің бастығы Т.Абдрахимов мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы куәлікті 28 адамға көлікті тексерместен берген және олардың барлығынан пара алған. Аталмыш азамат 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Осындай қылмысқа барған Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер бөлімі Жол полициясы бөлімшесінің бастығы Т.Канапин 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны