30.06.2010, 11:21 6319

ОҚО өткен тәулікте 2200 гектар аумақта шарпыған үш дала өрті шықты

ҚР ТЖМ-нан хабарлағандай, өрт маусымның 29-ы күні 11 сағат 13 минутта Бәйдібек ауданы Ағыбет тұрғын кентінің аумағынан шыққан өрт 2100 гектарды шарпыған. Тілсіз жауды 11 сағаттан кейін ауыздықтау мүмкін болды.Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Астана. 30-маусым. Kazakhstan Today ОҚО өткен тәулікте 2200 гектар аумақта шарпыған үш дала өрті шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚР ТЖМ-нан хабарлағандай, өрт маусымның 29-ы күні 11 сағат 13 минутта Бәйдібек ауданы Ағыбет тұрғын кентінің аумағынан шыққан өрт 2100 гектарды шарпыған. Тілсіз жауды 11 сағаттан кейін ауыздықтау мүмкін болды.Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

От Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ерікті өрт құрылымдарының 100-ден астам адамы және 6 техниканың күшімен сөндірілді.

Сондай-ақ дүйсенбі күні, осы Бәйдібек ауданына қарасты Қызылжар тұрғын кенті мен Ордабасы ауданындағы Берген кентінде сәйкесінше 80 және 50 гектар аумақта далалы аумақтар жанды. Абырой болғанда адам шығын мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны