Система Orphus

ОҚО пара алды деген күдікпен мектеп директоры ұсталды

21.04.2008, 15:46 2215

Шымкент. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Отырар ауданындағы мектептердің бірінің директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ОҚО сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова хабарлады.

"Отырар ауданындағы мектептердің бірінің директоры жергілікті тұрғынды бухгалтерлік жұмысқа орналастыру үшін 50 мың теңгені талап еткен", -деді Ж. Мамытова.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 45 жастағы мектеп директоры ақшаны алған кезде құрықталды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны