26.05.2011, 14:32 3175

ОҚО радиациялық деңгейі тиісті мөлшерден 57 есе артық металл зат табылды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, қауіпті зат сәрсенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысындағы Біртілек ауылының шығыс жағынан табылған. Целлофан қапшыққа салынған металл 15 см тереңдікке көмілген. Оның радиациялық фоны рұқсат етілетін нормадан 57 есе асып түседі.

Астана. 26 - мамыр. Kazakhstan Today - ОҚО радиациялық деңгейі тиісті мөлшерден 57 есе артық металл зат табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, қауіпті зат сәрсенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысындағы Біртілек ауылының шығыс жағынан табылған. Целлофан қапшыққа салынған металл 15 см тереңдікке көмілген. Оның радиациялық фоны рұқсат етілетін нормадан 57 есе асып түседі.

"Арнайы жүргізілген іс-шара барысында аталған заттың салмағы 15 келі герметикалық қабықшадағы радиоактивті материал екендігі анықталды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған зат ҚР ҰЯО "Ядролық физика институты" кәсіпорнына зерттеп, одан кейін жою үшін жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны