13.02.2012, 10:49 7103

ОҚО Сарыағаш ауданында өрт шығып, бір адам мерт болды

2012 жылдың 12-ақпаны күні сағат 09.50 Оңтүстік Қазақстан облысының Сарығаш ауданы Құркелес ауылдық округінің Жаңаарық кентінде орналасқан жер үйде өрт шыққан.

Астана. 13-ақпан. Kazakhstan Today - ОҚО Сарыағаш ауданында өрт шығып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылдың 12-ақпаны күні сағат 09.50 Оңтүстік Қазақстан облысының Сарығаш ауданы Құркелес ауылдық округінің Жаңаарық кентінде орналасқан жер үйде өрт шыққан.

Өрт сағат 11.00 сөндірілген. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Тілсіз жау 63 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт салдарынан 60 жастағы ер адам көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны