17.02.2011, 13:21 3106

ОҚО жер үйлердің бірінде шыққан өрт салдарынан бір жастағы сәби көз жұмды

ОҚО жер үйлердің бірінде шыққан өрт салдарынан бір жастағы сәби көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 17 - ақпан. Kazakhstan Today - ОҚО жер үйлердің бірінде шыққан өрт салдарынан бір жастағы сәби көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні күндізгі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы Бесқұбыр елді мекеніндегі жер үйлердің бірінде болған өрт бір жасар баланың өмірін қиып кеткен.

Тілсіз жау бір сағат өткен соң ғана ауыздықталған. Жалын аумағы 18 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің жеке құрамындағы 11 адам мен 4 техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, сәрсенбі күні күндіз Қарағанды облысына қарасты Жезқазған қаласында Есенберлин көшесінде орналасқан бес қабатты үйдегі пәтерлердің бірі өртенген. Жалын көрші пәтерлерге де жеткен.

Тілсіз жауды өрт сөндірушілер екі жарым сағатта ауыздықтады. Жалын аумағы 44 шаршы метрді шарпыды. Өрт болған жерден 26 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Сонымен қатар тағы үш адам иіс тиіп уланып, ауруханаға жатқызылды. 10 адам, соның ішінде 5 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны