06.06.2012, 13:37 5459

ОҚО жолаушылар автобусы аударылып, бір адам мерт болды

ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бастапқыда автобустың ішінде 20 жолаушы болғанын мәлім еткен болатын. Бүгін таңертең келіп түскен нақты мәліметтерге сүйенсек, автобустың ішінде 38 адам болған.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - ОҚО жолаушылар автобусы аударылып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында "Бірлік-Шардара" тас жолында жолаушылар автобусы аударылып кетті.

ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бастапқыда автобустың ішінде 20 жолаушы болғанын мәлім еткен болатын. Бүгін таңертең келіп түскен нақты мәліметтерге сүйенсек, автобустың ішінде 38 адам болған.

Жол-көлік апатында ОҚО Мақтаарал ауданының 52 жастағы тұрғыны мерт болды. әртүрлі жарақатпен Алматы қаласының, ОҚО-ның Сарыағаш ауданының тұрғыны, Шардара ауданының 3 тұрғыны және жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Алдын ала жасалған божам бойынша, жүргізуші көлікті бұрған шақта басқару тетігіне ие бола алмай қалған.

Автобус қатты зақымданған. Адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру үшін құтқару жасағы арнайы техниканы қолданып, көліктің корпусын ашты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны