03.10.2011, 12:30 3274

ОҚО жолаушылар автобусының аударылып кетуі салдарынан Өзбекстанның екі азаматы мерт болды

Оңтүстiк Қазақстан облысының Түлкiбас ауданында "Алматы-Термез" тасжолының 602-ші шақырымында "Астана-Термез" бағытында келе жатқан 49 жолаушы мінген "Kassbohrer" автобусы аударылып кетті.

Астана. 3-қазан. Kazakhstan Today - ОҚО жолаушылар автобусының аударылып кетуі салдарынан Өзбекстанның екі азаматы мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлiгінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оңтүстiк Қазақстан облысының Түлкiбас ауданында "Алматы-Термез" тасжолының 602-ші шақырымында "Астана-Термез" бағытында келе жатқан 49 жолаушы мінген "Kassbohrer" автобусы аударылып кеткен.

ЖКО салдарынан 1977 жылы туған З.Машарипов пен 1985 жылы туған А.Имонов оқиға орнында қаза тапты. Барлық жолаушылар - Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны