03.12.2013, 18:23 19637

ОҚО-да автобус "Аудимен" қақтығысып, тұрғын үйге соғылды

ОҚО-да автобус "Аудимен" қақтығысып, тұрғын үйге соғылды

Алматы. 03 желтоқсан. Kazakhstan today. ОҚО-да автобус "Аудимен" қақтығысып, тұрғын үйге соғылды: 5 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan today.

Оңтүстік Қазақстан облысының Қарасу ауылында "Қайтпас-Машат" жолының 15-шақырымында кеше кешкі 20:35-те 22 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан, ішінде 32 жолаушысы болған "Vanhol" маркалы автобус "Ауди" автокөлігімен қақтығысып қалды.

Оған қоса, автобус Жібек-Жолы көшесіндегі тұрғын үйге соғылды.

Апаттың салдарынан түрлі жарақаттармен автобустың 5 жолаушысы ауруханаға жатқызылды, 9 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оқиға орнына ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 техникасы мен жеке құрамының 25 адамы жұмылдырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны