24.05.2012, 01:47 3018

ОҚО-да болған атыста "тентек" оқ 82 жастағы әженің басына тиді

Бұл туралы бүгін ІІМ өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - ОҚО-да болған атыста "тентек" оқ 82 жастағы әженің басына тиді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ІІМ өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

"21 мамырда Шымкент қаласының тұрғыны Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы үйлердің біріне келіп, үйден жас жігітті әңгімелесу үшін шақырған. Иңгімелесу барысында күдікті анықталмаған қарудан жас жігіт тұрған жаққа оқ атады, алайда оқ оның қасында отырған әжесіне тиген. 82 жастағы қарт кісінің басына және иығына жарақат келтірілді. Полиция қызметкерлері кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, оны іздестіруге кірісті", - деп атап көрсетті ресми өкіл.

Алайда, бұнымен оқиға аяқталған жоқ. Жәбірленушінің екінші немересі кінәліден кек алу үшін қолына қару алып, өзінің достарымен бірге, Шымкенттен Абай ауылына қарай барады. Ауылға келген бойда, олар полиция қызметкерлерінің көзіне түскен.

"Қудалаудан құтылу үшін олар Сарыағаш қаласына бағыт алады. Жол бойында көлік нөмірлерін ауыстырады да, жәбірленушінің немересі таксиге отырып кетеді. Сол мақсатта полиция қызметкерлері "Тосқауыл" жоспарын жариялаған. Бұл іс-шараларды өткізу барысында "Қызыл ту" бекетінде Қазығұрт АІІб-нің жедел уәкілдері "Ауди" автомашинасын тоқтатқан. Полиция қызметкерлері машинаны тоқтату кезінде қашып кетпек болған көлік жолаушысын қуып жетті. Тінту барысында одан нөмірлері өшірілген 2 "Макаров" тапаншасы, 1 "ТТ" тапаншасы, сондай-ақ бетперде табылып, тәркіленді. Сол күні полиция қызметкерлері күдіктінің екі сыбайласын ұстады", - деді Н. Ораз.

Заттай дәлелдеме ретінде алынған қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Күдікті азаматтар ұсталды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны