07.06.2013, 17:17 11015

ОҚО-да электр сымы 21 жастағы қыздың өмірін қиды

Көз алдында Айдананың мерт болғанын мына 9 жасар бала ұмыта алар емес. 21 жастағы қыз балалардың ойынына кедергі болмасын деп аяққа оралған сымды жиекке алып тастамақ болыпты. Бірақ жоғары кернеулі жарық сымы қызды қыршыннан қиды.

Астана. 7-маусым. Kazakhstan Today - ОҚО-да қатты желдің салдарынан Тоғыс ауылы, Айнатас елдімекенінде электр сымы үзіліп, 21 жастағы қыздың өмірі қиылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, тозығы жетіп, талай рет жалғанған жарық желісі бұл жолы осылайша ауылды абдыратып тастады. Жарық берушілер болса жауаптан жалтарып, оқиғаны табиғаттың тосын мінезі деп танып отыр.

Көз алдында Айдананың мерт болғанын мына 9 жасар бала ұмыта алар емес. 21 жастағы қыз балалардың ойынына кедергі болмасын деп аяққа оралған сымды жиекке алып тастамақ болыпты. Бірақ жоғары кернеулі жарық сымы қызды қыршыннан қиды.

Тоқтың сымы таңертең үзілгенін көрген ауылдықтар кезекші бөлімге бір емес, бірнеше рет хабар берген. Жарық Айнатастықтардың басты мәселесі. Үп еткен желге үзіле беретін жарық сымы қырық жамауға айналған. Ауылдықтардың мәселенің жырын жырлап, арызданып бармаған жері қалмапты. Ол аздай ауылда электрикте жоқ екен.

"Күнде қиылады. Мына балаларды далаға жіберуге қорқасың. Ауылда бір электрик жоқ. Кеше қаршадай қыз тоқ ұрып өліп жатқанда трансформаторды өшіре алмай жүгірдік", - дейді Өмірзақ Зиятов, Айнатас ауылының тұрғыны.

Қара жамылған отбасы қайғысын бізбен бөлісуді жөн көрмеді. Онысын түсіндікте. Алайда ауылдықтардың бойын үрей бойлаған. Оған қоса жарық берушілер электр тоғын жөндеуге асығар емес екен.

"Айнатас ауыл болғалы жарық жүйесі біздің балансқа өтті. Енді 2013 жылдан бастап, этаппен жқндейміз деп отырмыз", - дейді Махамбетқали Машаев, жетекші инженер.

Жаратқаннан жел болмаса екен деп тілеуден басқа Айнастықтардың амалы қаламды. Өйткені үзілген сымға үреймен қарайтындардың өміріне алаңдап отырған атқа мінерлерді байқамадық. Қыз өмірінің қыршыннан қиылғаны да сабақ болмаған сыңайлы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны