19.04.2013, 17:01 3815

ОҚО-да ер адам қызғаныштан жүкті әйелін өлтірген

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қаза тапқан әйел 1984 жылы туған жергілікті тұрғын екенін анықтады. Ол балаларымен бірге жалдамалы пәтерде тұрған және аяғы ауыр болған. Ол қарны мен арқа тұсына бірнеше рет салынған пышақ жарақатынан көз жұмған.

Шымкент. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Мақтаарал ІІАБ-ның кезекші бөліміне Жетісай қаласындағы пәтерлердің бірінде жас әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қаза тапқан әйел 1984 жылы туған жергілікті тұрғын екенін анықтады. Ол балаларымен бірге жалдамалы пәтерде тұрған және аяғы ауыр болған. Ол қарны мен арқа тұсына бірнеше рет салынған пышақ жарақатынан көз жұмған.

Жедел-іздеу шараларының және куәгерлерден жауап алу барысында Мақтаарал ауданының жедел қызметкерлері оқиғадан бір күн бұрын қаза тапқан әйелдің бұрынғы күйеуі, жергілікті тұрғын сол пәтерге келіп, жанжал шығарған. Оған қызғаныш себеп болған. Арадағы ұрыс салдарынан ер адам әйелдің аяғы ауыр екеніне қарамастан, өзінің кішкентай екі баласының көзінше оған бірнеше рет пышақ салып, қашып кеткен. Ийел адам оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі уақытта полицейлер екі кісі өліміне алып келген оқиға фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті іздестірілуде. Оның Тәжікстан Республикасының азаматы екені белгілі.

Дәйек зат ретінде сарапшылар ас пышағын тәркіледі. Тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны