17.04.2012, 16:29 3224

ОҚО-да күйік жарақаттарымен екі ер адам мен әйел ауруханаға жеткізілді - ҚР ТЖМ

Дүйсенбі, 16 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Арысты ауылында тұрмыстық баллоннан (50 келі) газдың шығуынан газ-әуе қоспасының жарылысы болды. Нәтижесінде 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел күйік белгілерімен ауруханаға жеткізілді.

Астана. 17-сәуір. Kazakhstan Today - ОҚО-да күйік жарақаттарымен екі ер адам мен әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүйсенбі, 16 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Арысты ауылында тұрмыстық баллоннан (50 келі) газдың шығуынан газ-әуе қоспасының жарылысы болды. Нәтижесінде 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел күйік белгілерімен ауруханаға жеткізілді.

Сол күні Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Керегетас ауылында жекеменшік тұрғын үйдің шатыры өртенді. Жалын шарпыған аумақ 120 шаршы метрді құрады. Нәтижесінде 34 жастағы ер адам жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны