04.08.2016, 20:01 13732

ОҚО-да мұнай базасындағы өртті өшіруге аптап ыстық пен жел кедергі келтірген

Оӊтүстік Қазақстанда мұнай базасынан алапат өрт шықты. Темір жол үстінде бензин құйып тұрған цистерналарға жүк көліктерін тиеген вагондар келіп соқтығысқан. Соныӊ салдарынан жүздеген тонна мұнайы бар резервуарлар атыла жаздады. Биліктегілер өндіріс орнынан жүз жұмысшыны қауіпсіз аймаққа шығарып, халықаралық жолды да жауып тастады. Төтеншеліктер таӊертеӊ тұтанған өртпен кешке дейін алысты

Астана. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстанда мұнай базасынан алапат өрт шықты. Темір жол үстінде бензин құйып тұрған цистерналарға жүк көліктерін тиеген вагондар келіп соқтығысқан. Соныӊ салдарынан жүздеген тонна мұнайы бар резервуарлар атыла жаздады. Биліктегілер өндіріс орнынан жүз жұмысшыны қауіпсіз аймаққа шығарып, халықаралық жолды да жауып тастады. Төтеншеліктер таӊертеӊ тұтанған өртпен кешке дейін алысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

-Өрт таӊғы сағат 10.45 шамасында Шымкент түбіндегі мұнай сақтау базасында орын алған. Оттыӊ шыққанына 3 сағаттан асса да жүзден астам қызметкер отты ауыздықтай алар емес. Желдіӊ әсерінен өрт қайта күшейіп барады, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

Темір жолдыӊ үстінде 12 цистернаға бензин құйып тұрған кезде 2 жүк көлігімен үлкен бөшке тиелген 3 жартылай вагон соқтығысып, от тұтанған. Жүз елу тоннадан астам бензині бар резервуарлардан бірнеше метр жерде ғана шыққан өрт әп-сәтте күш алып кетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға келген төтеншеліктер әуелі мұнай сақтау базасындағы жұмысшыларды қауіпсіз аймаққа шығарды. Бір өлімнен қалдық деген жұмысшылар сөйлеуге де құлықсыз.

-Өрт шыққан кезде 15-20 жұмысшы болған. - Бұл жеке компания. "Мұнай БК".

Жүздеген тонна бензин жарылмас үшін Шымкент, іргедегі Сайрам және Түлкібас аудандарынан келген өрт сөндірушілер әбігерге түсті. Өрттіӊ үстінен көбік төгіп, 20 көлікпен суды дамылсыз шашса да күнніӊ ыстығымен дамылсыз жел отты тоқтатуға мұрша берер емес. Алапат өрттіӊ салдарынан мұнай базасыныӊ түбінен өтіп жатқан халықаралық "Алматы-Ташкент" тас жолы жабылды.

Александр Швачко, жүк көлігініӊ жүргізушісі:

-Өрт шыққан кезде мұнай базасыныӊ тұсына келіп қалғанмын. Полицейлер бірден жолды жауып, ары қарай жүргізбей қойды. "Жарылса өліп кетесіӊдер деген соӊ" шаруамыз күйіп бара жатса да тырп етпей тұрмыз енді.

Оқиға орнына маӊызды шаруаларын тастап облыс әкімі келді. Құрақ ұшқан төтеншеліктер Бейбіт Атамқұлов пен тілшілер алдында қысқаша есеп берді.

Нұрболат Дербісов, ОҚО ТЖД бастығыныӊ міндетін атқарушы:

-Дәл қазіргі таӊда 8 цистерна және 3 жартылай вагон жанып жатыр. Сонымен бірге насостық резервуар жанып жатыр. Басқа резервуарлардыӊ барлығына қауіп жоқ. Барлығын өшіріп жатырмыз. Мына резервуарлардыӊ барлығын салқындатып беріп, өртті оқшауладық.

Абырой болғанда, адам шығыны мен жарақат алғандар жоқ. Ал өрттен келген миллиондаған шығынға енді кім жауап берерін комиссия анықтайтын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны