25.04.2013, 10:39 3380

ОҚО-да мұнай ұрлаудан келген шығын 17 миллион теңгеден асты

Оңтүстік Қазақстанда осы өңір аумағынан өтетін "Құмкөл-Павлодар-Шымкент" мұнай ұңғымасынан аса ірі көлемде мұнай ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана. 25-сәуір. Kazakhstan Today - ОҚО-да мұнай ұрлаудан келген шығын 17 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оңтүстік Қазақстанда осы өңір аумағынан өтетін "Құмкөл-Павлодар-Шымкент" мұнай ұңғымасынан аса ірі көлемде мұнай ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"ҚазТрансОйл" компаниясына келген шығын көлемі 17 млн. теңгені құрады.

Мұнай ұрлаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен басқа, облыста сондай-ақ, ұрланған мұнайды сатып алатын адамдар ұсталды.

Ұрылар қара алтынды мұнай ұңғымаларын ашып ұрлаған, осындай 5 орын анықталды: Созақ, Бәйдібек, Ордабасы, Сайрам аудандары және Шымкент қаласы аумақтарында.

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы бұл қылмыстық істі сотқа жіберді. Бүгінгі күні "SEMSER Security" ЖШС-нің қылмысқа қатысы бар қызметкерлері тұтқынға алынған. Бұл қылмыстық іс бойынша барлығы 16 адамға айып тағылды, олардың 11-і тұтқынға алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны