16.08.2016, 12:21 14999

ОҚО-да "ВАЗ" көлігініӊ жүргізушісі велосипедшіні қағып, оқиға орнынан бой тасалаған.

2016 жылдыӊ 14 тамызы күні, 19 сағат 50 минут шамасында Сарыағаш АІІБ ПБ-ніӊ кезекші бөліміне Жібек жолы-Жетісай тас жолында велосипедшіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен

Астана. 16 тамыз. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 14 тамызы күні, 19 сағат 50 минут шамасында Сарыағаш АІІБ ПБ-ніӊ кезекші бөліміне Жібек жолы-Жетісай тас жолында велосипедшіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлердіӊ анықтағаны, "ВАЗ" маркалы автокөліктіӊ белгісіз жүргізушісі 45-47 жас шамасындағы велосипедшіні қағып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Жол көлік оқиғасыныӊ салдарынан велосипедші ауыр дене жарақаттарымен аудандық аурухананыӊ жансақтау бөліміне түсіп, есін жинаған жәбірленуші көп өтпей қайтыс болған.

Сарыағаш АІІБ ПБ-ніӊ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1984 жылғы жергілікті тұрғын, яғни "ВАЗ" автокөлігініӊ жүргізушісі құрықталды. Ол сол күні автокөлікті мас халде басқарған. Велосипедшіні қағып, қорыққанынан оқиға орнынан бой тасалаған.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-ніӊ екі бабымен: 345-бап "Көлік құралдарын жүргізуші адамдардыӊ жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу", 347-бап "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті сотқа дейінгі тергеу абақтысында қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны