21.04.2016, 16:30 6224

ОҚО-да жоғалған 7 жастағы қыз бен оныӊ туысыныӊ мәйіттері табылды

Ишіркүл Баймұратова мен Инабат есімді қыздыӊ Дәубаба ауылынан 10 шақырым жердегі Қарақуыс шатқалына құлағаны белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша сол күні қатты тұман түсіп, артынан нөсер жауын жауған

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалып кеткен 7 жастағы қыз бала мен 56 жастағы әйелдіӊ денелері табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ишіркүл Баймұратова мен Инабат есімді қыздыӊ Дәубаба ауылынан 10 шақырым жердегі Қарақуыс шатқалына құлағаны белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша сол күні қатты тұман түсіп, артынан нөсер жауын жауған, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

"Тауда адасып жүргенде олардыӊ аяқтары тайып кеткен болуы мүмкін", - дейді құтқарушылар.

Естеріӊізге сала кетейік, жексенбі күні кешке туыстарына қонаққа барған Ишіркүл есімді әйел кішкентай Инабатты ертіп, тауға серуенге шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлаған болатынбыз. Содан бері құзырлы орган өкілдері мен ауыл тұрғындары тайлы тұяғымен тауға шығып, іздестіру шараларын жүргізді. Тіпті тікұшақпан адам аяғы баспаған жерлерді де аралап шыққан. Тау шатқалдары мен үӊгірлерді де қараған. Бүгін қосымша Ұлттық ұланнан сарбаздар келіп, барлығы 500-ден астам адам іздеу жүргізді. Бес күннен бері тау-тасты аралап жүрген құтқарушылар олардыӊ денелерін бірнеше сағат бұрын тау шатқалынан тапқан. Етегі жасқа толып, қызыныӊ жолын тосқан анасы мен туыстары, осылайша, ойламаған жерден қара жамылып қалды.

Гүлнұр Өтегенова, Инабат Іӊкәрбектіӊ анасы:

- Балам тез тіл табыса білетін алғыр, пысық болатын. Момын, ынжық қыз емес. Ойын ашық айтып, әрқашан күліп, жайдары жүретін. Үйдіӊ ішінде билеп, мұғалім болып ойнайтын. Есік алдына шығып, әнші болатын. Тура осы суреттегідей күліп жүретін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны