16.08.2016, 16:28 15530

ОҚО-ныӊ полицейлері із-түссіз кеткен Нұрипа Құрбанованыӊ өліміне күдікті оныӊ 27-жастағы күйеуін құрықтады.

Естеріӊізге салсақ, 2016 жылдыӊ 11 тамызы күні, Сарыағаш АІІБ ПБ-не 27 жастағы жергілікті тұрғыны өзініӊ әйелі 1989 жылы туылған Құрбанова Нұрипа Талғатқызы үйінен Шымкент қаласы бағытына шығып қайта оралмағаны туралы арызданған болатын

Астана. 16 тамыз. Kazakhstan Today - Естеріӊізге салсақ, 2016 жылдыӊ 11 тамызы күні, Сарыағаш АІІБ ПБ-не 27 жастағы жергілікті тұрғыны өзініӊ әйелі 1989 жылы туылған Құрбанова Нұрипа Талғатқызы үйінен Шымкент қаласы бағытына шығып қайта оралмағаны туралы арызданған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған жайт Сарыағаш АІІБ ПБ-ніӊ Сотқа дейінгі бірыӊғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді. Құрбанова Нұрипаны іздеу жұмыстары қолға алынып, ОҚО ІІД Криминалды полиция басқармасыныӊ және Сарыағаш АІІБ ПБ-ніӊ тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Сарыағаш АІІБ ПБ және ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері бірлесе отырып жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Құрбанова Нұрипаныӊ із-түссіз жоғалуына оныӊ 27-жастағы күйеуініӊ қатысы болуы мүмкіндігінен күдіктеніп, соӊында күдікті өз кінәсін толық мойындап, әйелініӊ мәйіті жатқан жерін көрсетті.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-ніӊ 99-бабымен "Адам өлтіру" қылмыстық іс қозғалып, күдікті тергеу абақтысына жабылды. Бірқатар сот-медициналық экспертизалар тағайындалды.

Қазіргі таӊда қылмыстық орны алу себептері мен барысы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны