31.01.2012, 15:16 7220

Омбы қаласында Қазақстан азаматы ірі көлемдегі героинмен қолға түсті

Омбыда есік алдындағы омбы қардың астына 300 г героин мен 6 келіден астам есірткі жасырған Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Федералды есірткі бақылау қызметінің Омбы басқармасы хабарлады.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - Омбы қаласында Қазақстан азаматы ірі көлемдегі героинмен қолға түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Омбыда есік алдындағы омбы қардың астына 300 г героин мен 6 келіден астам есірткі жасырған Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Федералды есірткі бақылау қызметінің Омбы басқармасы хабарлады.

Ведомство ақпарына қарағанда, 22 жастағы бойжеткен аса ірі көлемде есірткі тасымалдап, сатумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі көрінеді. Ол бір жылдан бері отбасымен бірге Омбыда тұрып жатқан.

"Оның әр қадамын аңдыған тәртіп сақшылары қызды 300 грамм есірткі сату барысында ұстады. Кейін қалған есірткінің қайда жасырылғаны белгілі болды. Қыз тұрып жатқан үйдің маңындағы омбы қардан салмағы алты келіден асатын есірткі табылды", - делінген хабарламада.

Тергеу мәліметіне қарағанда, есірткі оған Қазақстаннан жеткізіліп отырған көрінеді. Қазір аталған факті боынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны