09.01.2007, 10:26 2904

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс мәслихатының хатшысы жазаға тартылды

ШЫМКЕНТ. 9- қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында Арыс мәслихатының хатшысы жазаға тартылды. Бұл турады журналистерге ОҚО экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Дәурен Тұрғынбай хабарлады.

"Біздің қызметкерлер Арыс мәслихатының хатшысы Ибілқасым Жарымбеттің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Атап айтсақ, сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу және талан-таражға салу; жалған құжаттар жасау; қызмет бабын бас пайдасына жарату; қызмет бабын асыра пайдалану",-деді Д. Тұрғынбай.

Оның айтуынша, Арыс мәслихатының хатшысы үш адамды жұмысқа жалған қабылдап, олардың жалақыларын өз қалтасына салып отырған. Сонымен қатар, А. Жарымбет мәслихаттың жұмыс көлігін заңсыз шығынға жазып, оны сатудан түскен ақшаны да өзіне алады.

Арыс қалалық соты мәслихат хатшысын жоғарыда келтірілген баптар бойынша айыпты деп таныды. Оны бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарып, жазаны жалпы тәртіптегі түзету мекемесінде өтеуге кесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны