07.05.2010, 09:14 2459

Оңтүстік Қазақстан облысында 300-ге жуық абоненттің жарықсыз қалуына алып келген электр жалғастыру жүйесіндегі апат жойылды

Оңтүстік Қазақстан облысында 300-ге жуық абоненттің жарықсыз қалуына алып келген электр жалғастыру жүйесіндегі апат жойылды

Астана. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында 300-ге жуық абоненттің жарықсыз қалуына алып келген электр жалғастыру жүйесіндегі апат жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше сағат 21,30-дағы жағдаймен жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын "Оңтүстік жарық транзит" ЖШС-нің апаттық топтары толық аяқтады. Барлық абоненттерге жарық берілді.

Еске сала кетейік, 30 сәуірде сағат 20.30-да мақтаарал ауданында күші секундына 25 метрге жеткен күшті желден электр жалғастыру желісіне зақым келді. Соның салдарынан 300-ге жуық абонент жарықсыз қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны