05.10.2009, 10:01 1342

Оңтүстік Қазақстан облысында 70 гектар аумақта далалық өрт шықты

Оңтүстік Қазақстан облысында 70 гектар аумақта далалық өрт шықты

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында 70 гектар аумақта далалық өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында Қызылжар фермасының аумағында 4 қазанда сағат 10.20-де 70 гектар аумақта пішен өртенді.

Өрт ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 3 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 12 адамының күшімен 13 сағат 58 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны