24.04.2009, 09:53 1316

Оңтүстік Қазақстан облысында Алматы - Термез трассасында жол апатынан үш адам қаза тауып, екеуі жараланды

Оңтүстік Қазақстан облысында Алматы - Термез трассасында жол апатынан үш адам қаза тауып, екеуі жараланды

Астана. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында Алматы - Термез трассасында жол апатынан үш адам қаза тауып, екеуі жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, жол апаты Түлкібас ауданында Т. Рысқұлов атындағы ауданда болған. Алматы - Термез тас жолының 618-ші шақырымында 23 сәуірде сағат 04.30-да "Мерседес" жүргізушісі көлігін аударып алды.

Апат салдарынан көлікте отырған 25 жастағы үш жігіт оқиға орнында қаза тауып, жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны