08.02.2010, 09:41 1424

Оңтүстік Қазақстан облысында апат салдарынан жеке меншік сектордың 740 абоненті , мектеп пен балабақша газсыз қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында апат салдарынан жеке меншік сектордың 740 абоненті , мектеп пен балабақша газсыз қалды

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы Ақжар ауылында апат салдарынан жеке меншік сектордың 740 абоненті , мектеп пен балабақша газ қамтамасыздығынсыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "7 ақпанда сағат 22.00-де ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі орта қысымды, диаметрі 114 миллиметрлік сыртқы газ құбырын соқты. Соның салдарынан құбырдың дәнекерленген тұсы жарым-жартылай жарылды. Құбырдың ақау келген тұсына газ жіберілген жоқ".

ТЖМ мәліметінше, "8 шкафты тарату бөлімшесі, жеке меншік сектордың 740 абоненті , 1 мектеп пен 1 балабақша, сондай-ақ, шұжық цехы газсыз қалды".

Қалпына келтіру жұмыстары бүгінге жоспарланған.

Сондай-ақ, тағы бір апат кеше Астанада болды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сағат 19.10-да Молодежный ықшамауданында диаметрі 300 миллиметрлік су құбыры жарылды".

Соның салдарынан осы ықшамаудандағы 12 үйдің тұтынушылары сусыз қалды.

Оқыс оқиғаны жоюға "Астана Су Арнасы" ҚКК-ның 11 адам мен 6 техникадан құралған апаттық тобы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны