26.12.2012, 09:48 4067

Оңтүстік Қазақстан облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиесілі әуе көлігі бүгін Астана уақытымен кешкі 18-55 сағатта радардан жоғалып кеткен. Апат Шымкент қаласының әуежайынан 20 шақырым қашықтықта орын алған.

Астана. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиесілі әуе көлігі бүгін Астана уақытымен кешкі 18-55 сағатта радардан жоғалып кеткен. Апат Шымкент қаласының әуежайынан 20 шақырым қашықтықта орын алған.

АН-72 жерге қонбақ болған сәтте 800 метр биіктіктен құлап түсіпті. Ұшақ ішінде экипаждың жеті мүшесі мен 20 әскери болған. Олардың қатарында Шекара қызметі директорының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбековте бар болып шықты. Полковник қоластындағы әскерилермен бірге Шымкент қаласындағы жиналысқа қатысу үшін Астанадан ұшып шыққан екен. Ал жаңа ғана келіп түскен мәліметтерге қарағанда ұшақта болғандардың барлығы түгел қаза тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны