06.02.2007, 13:57 3196

Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкері мүгедектен пара талап еткені үшін ұсталды

ШЫМКЕНТ. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында мүгедекке арба бергені үшін пара талап еткен аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкері ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті хабарлады.

Қаржы полициясының мәліметтерінше, Созақ аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкері мүгедек арбасын тегін алуға тиіс адамнан 20 мың теңге талап еткен. Мүгедек еркек қаржы полициясының көмегіне жүгінеді. Оның шағымы бойынша шұғыл топ құрылып, шенеунік әйелді өзінің жұмыс бөлмесінде пара алып жатқан сәтте ұстады.

Лауазым иесі тарапынан пара алу дерегі бойынша тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады. Онда 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ийелден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны