06.09.2011, 13:38 3108

Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық мәслихат депутатын өлтіріп кетті

Оңтүстік-Қазақстан облысы Сайрам ауданынының тұрғыны жергілікті аудандық мәслихат депутатын өлтірген деген күдікпен ұсталған.

Шымкент. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық мәслихат депутатын өлтіріп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік-Қазақстан облысы Сайрам ауданынының тұрғыны жергілікті аудандық мәслихат депутатын өлтірген деген күдікпен ұсталған.

"4 қыркүйек күні ішіне оқ тиіп жараланған 1963 жылғы Сайрам ауданының тұрғыны Шымкенттің нөмірі екінші ауруханасына баражатқан жолда жедел-жәрдем каретасында қайтыс болды. ОҚО ІІД полиция қызметкерлері оқиғаны тексеру кезінде қайтыс болған адамның аудандық мәслихат депутаты екені анықталған. Сондай-ақ, қылмысқа 1964 жылы туған Сайрам ауданының тұрғынының қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Қайтыс болған кісі мен күдікті бұрыннан таныс болған", - делінген облыстық ІІД хабарламадасында.

Тергеу нәтижесінде белгілі болғандай, "таныстың арасында болған жанжал адам өліміне әкеп соқтырған".

"Бұл қылмыс қайтыс болған кісінің кәсіби қызметіне байланысты емес",- деп мәлім етті ОҚО ІІД қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны