17.10.2006, 18:19 3109

Оңтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылығын қолдау қорының қызметкерлеріне жасалған қарақшылық шабуыл әшкереленді

АСТАНА. 17-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылығын қолдау қорының қызметкерлеріне жасалған қарақшылық шабуыл әшкереленді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қордың несиелендіру бөлімінің үш қызметкері отырған "Мерседес Бенц" автокөлігіне 13-қазанда Алматы-Термез тас жолының 472-ші шақырымында қарақшылық шабуыл жасалған. "Бетперде киіп, қаруланған үш адам алдымен ауаға қаратып ескерту оқ атып, "Мерседесті" жолдың шетіне қарай ығыстыра тоқтатқан. Несиеге беруге арналған 1,5 млн. теңгені иемденген әлгілер автокөлікпен іздерін жасырып кеткен",- дейді полициядағылар.

Қылмасқа қатысы бар деген күдікпен 26 және 28 жастағы екі Шымкент тұрғыны ұсталды. "Олардың біреуін тұтқындау сәтінде екіншісі полиция қызметкерлеріне қаратып Макаров тапаншасынан оқ атып, пәтердің терезесі арқылы қашып кетті. Алайда ол ертеңінде Сайрам ауданының Ақсукент ауылында қолға түскен. Ол осы жолы да қуғыншыларға оқ атып, тағы да тапавншаны қолданды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазір екі күдікті қамауға алынып, тапанша тәркіленді. "Қылмыстық топтың басқа мүшелері іздестіріліп жатыр", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны