29.06.2010, 17:00 2975

Оңтүстік Қазақстан облысында бір тәулік ішінде екі дала өрті 150 гектар аумақты шарпыған

Атап айтқанда, дүйсенбі, маусымның 28-і күні сағат кешкі 21.00 шамасында Түркістан қаласына жақын Бабай қорған ауылының маңында 70 гектар аумақты жалын шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады баспасөз орталығы.

Астана. 29-маусым. Kazakhstan Today Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында бір тәулік ішінде екі дала өрті 150 гектар аумақты шарпыған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, дүйсенбі, маусымның 28-і күні сағат кешкі 21.00 шамасында Түркістан қаласына жақын Бабай қорған ауылының маңында 70 гектар аумақты жалын шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады баспасөз орталығы.

Жалын сейсенбі күні сағат 05.18-де ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 15 адамы мен 2 техникасының арқасында ауыздықталды.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жібек жолы ауылдық округінде сағат11.40 дала өрті шыққан. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады баспасөз орталығы.

Жалын сол күні сағат 17.03-те ауыздықталды. Өртті сндіруге ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 16 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны