27.08.2007, 13:19 2773

Оңтүстік Қазақстан облысында бір тәулікте айрықша көп жол апаттары болып, одан 5 адам қаза тауып, 35 адам жараланды

Оңтүстік Қазақстан облысында бір тәулікте айрықша көп жол апаттары болып, одан 5 адам қаза тауып, 35 адам жараланды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27 тамыз. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысында бір тәулікте айрықша көп жол апаттары болып, одан 5 адам қаза тауып, 35 адам жараланды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Кеше облыста 26 жол апаты шығып, соның салдарынан бес адам қаза тауып, 35 адам жараланды", - деп хабарлайды баспасөз қызметінің маманы Жұпар Мамытова. "Бұл қайғылы рекорд болып тұр. Идетте бір тәулікте 10 - 12, ары кетсе 15 апат болады", -деп қосты ол.

Жол полициясының қызметкерлері жол апаттары санының осыншама өсу себебіне түсініктеме бер алмай отыр. "Жол апаттарына себепкер болатын қандайбір табиғи құбылыс кеше облыс аумағында болған жоқ", - деді Ж. Мамытова.

Баспасөз қызметі маманының айтуынша, өткен тәулікте Шымкентте кісі өліміне апарып соққан ауыр жол апаты тіркелген жоқ, ауыр жол апаттарының бәрі де аудандарда болған. "Бізде кейінгі кездері ауыр жол апаттары мен олардың санының арту құбылысының орталығы аудандарға қарай ойысты", - деді ол.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, ағымдағы жылдың жеті айында Оңтүстік Қазақстан облысында 1532 жол апаты (2006-жылғы жеті аймен салыстырғанда 267 жол апатына артық) болып , соның салдарынан 326 адам қаза тауып ( 47 адамға артық), 1917 адам жараланды ( 319 адамға артық).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны