04.09.2009, 09:19 1677

Оңтүстік Қазақстан облысында екі адам "құтыру" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды

Оңтүстік Қазақстан облысында екі адам "құтыру" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында екі адам "құтыру" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 1 қыркүйекте Шымкент қалалық ауруханасына 72 жастағы ер адам "құтыру" деген диагнозбен жеткізілген. Ауру ошағында онымен қарым-қатынаста болған 3 адам анықталды.

Сондай-ақ, ОҚО Сайрам ауданы Қаратөбе ауылынан аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына тағы да осындай диагнозбен 80 жастағы қария жеткізілді. Ауру ошағында онымен қарым-қатынаста болған 4 адам анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны