24.10.2007, 11:57 1560

Оңтүстік Қазақстан облысында екі жарылмаған артиллериялық снаряд табылды

Оңтүстік Қазақстан облысында екі жарылмаған артиллериялық снаряд табылды.

Астана. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында екі жарылмаған артиллериялық снаряд табылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 23-қазанда 11.00 Қазығұрт ауданында, бұрынғы әскери полигон аумағында полиция қызметкерлері екі жарылмаған артиллериялық снаряд тауып алған.

"Снаряд табылған жерді Қазақстан Республикасыны Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары келгенше Қазығұрт АІІБ қызметкерлері қоршауға алды",- деп қосты министрліктің баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны