29.04.2010, 09:55 1371

Оңтүстік Қазақстан облысында электр жалғастыру желісінің бағанына зақым келуге байланысты жеке меншік сектордағы 450 абонент жарықсыз қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында электр жалғастыру желісінің бағанына зақым келуге байланысты жеке меншік сектордағы 450 абонент жарықсыз қалды

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында электр жалғастыру желісінің бағанына зақым келуге байланысты жеке меншік сектордағы 450 абонент жарықсыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше сағат 19.47-де Көкбұлақ ауылы маңында электр жалғастыру желісінің бағанына зақым келуге байланысты 5 трансформаторлық шағын станциялар кешені апаттық жағдайда үзілді. Соның салдарынан Сайрам ауданының Жаңаталап елдімекенінде тұратын жеке меншік сектордағы 450 абонент жарықсыз қалды.

Жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын "Оңтүстік жарық транзит" ЖШС-нің апаттық топтары іске асыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны