19.05.2009, 10:51 1101

Оңтүстік Қазақстан облысында газ құбырын монтаждау кезінде жұмысшыны газ құбыры басып қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында газ құбырын монтаждау кезінде жұмысшыны газ құбыры басып қалды

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында газ құбырын монтаждау кезінде жұмысшыны газ құбыры басып қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылында 18 мамырда сағат 16.50-де Қазақстан -Қытай газ құбырын монтаждау кезінде "ҚазСтройСервис" АҚ-ның 51 жастағы жұмысшысын газ құбыры басып қалды, ол жарақат салдарынан оқиға орнында қаза тапты.

Сонымен бірге, оқыс оқиға Алматының Иуезов ауданында да болды. Саин және Жандосов көшелерінің қиылысында жол жөндеу жұмыстары кезінде сағат 18.55-те "Алонс"ЖШС қызметкері жол катогымен 23 жастағы жұмысшыны қағып кетті, соның салдарынан ол оқыс оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны