28.02.2008, 10:54 2169

Оңтүстік Қазақстан облысында газ шығуы салдарынан бір кент, екі ауыл, төрт кәсіпорын мен сегіз коммуналдық нысан газдан ажыратылды

Оңтүстік Қазақстан облысында газ шығуы салдарынан бір кент, екі ауыл, төрт кәсіпорын мен сегіз коммуналдық нысан газдан ажыратылды

Астана. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында газ шығуы салдарынан бір кент, екі ауыл, төрт кәсіпорын мен сегіз коммуналдық нысан газдан ажыратылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкентке таяу жердегі Тассай ауылында 27 ақпанда 17 сағат 30 минутта "Қазтрансгаз-Аймақ" апаттық диспетчерлік қызметінен диаметрі 300 мм-лік жоғары қысымды жер асты газ құбырынан газ шығып жатқаны жайлы хабар келген. "Соның салдарынан 25 Шкафты-таратушы подстанция газдан ажыратылды. Сайрам ауданының Мартөбе, Таскент ауылдарының тұрғындары, Тассай кентінде 800 тұтынушы, 4 кәсіпорын мен 8 коммуналдық нысан газсыз қалды.

Бұған қоса Шымкентте 27 ақпанда 17 сағат 30 минутта "Қазтрансгаз-Аймақ" апаттық диспетчерлік қызметінен диаметрі 57 мм-лік орта қысымды газ құбырынан газ шығып жатқаны анықталғаны туралы ақпарат жетті. "Соның салдарынан 351-ші Шкафты-таратушы подстанция газдан ажыратылды. 4 көп қабатты үй - 140 пәтер, 70 жай үй, 1 балабақша газдан қағылды", -деп хабарлайды ТЖМ.

ТЖМ мәліметінше, апаттан қалпына келтіру жұмыстары 28 ақпан күні таңертең басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны