21.03.2007, 11:31 3227

Оңтүстік Қазақстан облысында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері пара бопсалады деген күдікпен ұсталды

ШЫМКЕНТ. 21-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері пара бопсалады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Мақтаарал аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері Өзбекстандық әйелден оралмандар квотасына енгізу және жұмыс тауып беру үшін 120 мың теңге атап еткен. Ийел осыншама ақшам жоқ деген уәж айтады. Ақыры шенеунік бұдан аз ақшаға көмектесуге келіседі. Көрші елден көшіп келген әйел шенеунікке 60 мың теңге берген. Артынан бұл ақшаны полиция қызметкерлері оның жұмыс бөлмесінен тапты. Ұсталған бұл ақшаны бөлмесіне біреулер қасақана әкеліп тастаған дегенді алға тартады. Алайда пара алу барысы жасырын бейнекамераға түсіріп алынған болатын.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "бопсалау арқылы пара алу жөніндегі" 311-бабының 4-тармағы, 1-тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны